среда, 18 марта 2009 г.


Дербес компьютердің құрауыштары
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын(desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.
Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютерлердің ондаған, тіпті жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады:
· жүйелік блок
· дисплей
· пернетақта
· тышқан

Информатика

Атырау облысының информатика пәнінің мұғалімдерінің семинары болып жатыр. Бұл семинарды өткізіп жатырған Сингапурдан келген Су ханым мен Гарри мырза. Тілмаштары Анар мен Жанар.